Алматыда 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция шеңберінде "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ мен "Zhejiang Loong Airlines Co. Ltd" арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді.